"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

23.07.24 15:01
/KASE, 23.07.24/ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 22 шiлдесiнде өзінің KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – төртiншi купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 129 282 204 528,29 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 118 944 719 000 теңгені, төртiншi купондық сыйақы– 10 337 485 528,29 теңгені құрады. [2024-07-23]