24 шілдеден бастап сегіз атаулы облигациялар Т+ тізіміне енгізіледі

22.07.24 16:14
/KACC, 22.07.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 24 шілдесінден бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) мынадай облигациялар енгізілетін болады: 1) Халықаралық қайта құру және даму банкінің халықаралық облигациялары US459058KL69 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe3); 2) халықаралық қаржы корпорациясының халықаралық облигациялары US45950KDD90 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IFC_e9); 3) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ облигациялары KZ2C00011237 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb13); 4) АҚШ Қаржы министрлігінің Халықаралық облигациялары US912797LB15 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US127_2505); 5) АҚШ Қаржы министрлігінің Халықаралық облигациялары US912797KS58 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US128_2504); 6) АҚШ Қаржы министрлігінің Халықаралық облигациялары US912797KJ59 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US129_2503); 7) АҚШ Қаржы министрлігінің Халықаралық облигациялары US912797JR94 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US130_2501) 8) АҚШ Қаржы министрлігінің Халықаралық облигациялары US912796ZV40 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US131_2412). Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-07-22]