/KASE, 22.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 шілдесінен
бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын
есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстан темір жолы"
ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларын олардың айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (21 шілде – өтеу кезінде
тізілімнің тіркелген күні).
2024 жылдың 22 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 52 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған
сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға
индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-07-22]