22 шілдеден бастап KASE "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

22.07.24 10:48
/KASE, 22.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (21 шілде – өтеу кезінде тізілімнің тіркелген күні). 2024 жылдың 22 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 52 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-07-22]