Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигациялары айналыv мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 22.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 шілдесінен бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00008654 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb10; 1 000 теңге, 150,0 млрд теңге; 22.07.22 – 22.07.24; құбылмалы жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 17,43 %; actual/365) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.
Аталған облигациялар 2022 жылдың 14 шілдесінен бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 28 шілдесінен бастап ашылды.
[2024-07-22]