Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19 шілде күні Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдіктері KASE-де 8,6 млрд теңге тартты
/KASE, 19.07.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:
- Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001899 (ZKK022_189; 1 000 теңге, 4 704 913 000 теңге; 19.07.24 – 19.05.26; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары 4,7 млрд теңгеге;
- Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001907 (KGK024_190; 1 000 теңге, 3 907 058 000 теңге; 19.07.24 – 19.07.26; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигациялары 3,9 млрд теңгеге.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
[2024-07-19]