19 шілде күні Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының
әкімдіктері KASE-де 8,6 млрд теңге тартты
19.07.24 17:37
/KASE, 19.07.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар
орналастырылды:
- Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001899
(ZKK022_189; 1 000 теңге, 4 704 913 000 теңге; 19.07.24 – 19.05.26;
жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары 4,7 млрд
теңгеге;
- Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001907
(KGK024_190; 1 000 теңге, 3 907 058 000 теңге; 19.07.24 – 19.07.26;
жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигациялары 3,9 млрд
теңгеге.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде
тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
[2024-07-19]