KZ
2 шілде 2025, 07:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.07.2024 17:26 #Қаржы құралдары

18 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 18.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 18 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001899 (1 000 теңге, 4 704 913 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды – ZKK022_189;

2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001907 (1 000 теңге, 3 907 058 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигациялары, сауда*саттық коды – KGK024_190.

Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ мына ақпарат сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-07-18]