/KASE, 18.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен
2024 жылдың 18 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы
қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:
1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001899
(1 000 теңге, 4 704 913 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық
4,25 %; 30/360) облигациялары, сауда-саттық коды – ZKK022_189;
2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001907
(1 000 теңге, 3 907 058 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) облигациялары, сауда*саттық коды – KGK024_190.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде
тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ мына ақпарат
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/
[2024-07-18]