/KASE, 18.07.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
"ForteBank" АҚ (бұдан əрі - Банк) осы арқылы Moody’s Investors Service
халықаралық рейтингтік агенттігінің 2024 жылғы 12 шілдеде Банктің
депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті "Ва2" деңгейінде, рейтингтер
бойынша "Позитивті" болжамды растау жəне жоғарылауы ForteBank
активтерінің сапасын, кірістілігі мен төлем төлеуге қабілеттілігін
жақсартатын, яғни рейтинг болып табылмайтын Базалық Кредиттік
Бағалауды (Baseline Credit Assessment, BCA) "b1"-ден "ba3"-ке дейін
жоғарылату туралы өз шешімін жариялағаны туралы хабарлайды. Дəйекті
стратегия, тəуекелге қалыпты бейімділік жəне қолайлы операциялық орта
банкке кредит берудің кейбір тарихи негізгі мəселелерін шешуге көмектесті.
Қазіргі уақытта Банктің рейтингтері келесідей:
- Жергілікті жəне шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ
мерзімді рейтинг «Ba2»;
- Депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг – "NP";
- Контрагенттің ұзақ мерзімді тəуекел рейтингі "Ba1" (cr);
- Контрагенттің қысқа мерзімді тəуекел рейтингі "NP" (cr);
- Болжам: "Позитивті";
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_rating_120724_29192.pdf
[2024-07-18]