KASE "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ "Эмитент күнін" өткізді

17.07.24 11:16
/KASE, 17.07.24/ – 2024 жылғы 16 шілдеде Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ Бас директоры Гүлбану Пазылхаированың қатысуымен кездесу өткізді. Іс-шараға спикерлер ретінде "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ өндірістік директоры Әділ Қалыбаев, "Eastern Gold" ЖШС директоры Гүлмира Қасылова және "SkyBridge Invest"АҚ Басқарма төрағасы Шолпан Айнабаева қатысты. Эмитент өкілдері іс-шараға қатысушыларға компанияның өндірістік процесі, технологиялық ерекшеліктері және экологиялық стандарттардың сақталуы туралы, сондай-ақ алдағы 24 шілдеде 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі облигацияларды орналастыру туралы айтып берді. "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ Бағалы және сирек металдарды барлаумен және өндірумен айналысады, Абай облысының Көкпекті және Жарма аудандарында алтын кен орындарын игереді, UN Global Compact мүшесі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ болып табылады. [2024-07-17]