/KASE, 16.07.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-
ге ұсынған 2024 жылдың 16 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп
хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ, Компания) үздік халықаралық
тәжірибелерге сәйкес келу мақсатында өзінің еншілес компанияларын қоса
алғанда, 2023 жылы ҚМГ жүргізген мемлекеттік аударымдарға жалпы шолуды
білдіретін есепті жариялайды.
Осы есеп Ұлыбританияның 2014 жылғы Мемлекеттердің пайдасына төлемдер
жөніндегі есептер туралы қағидаларына (2015 жылғы желтоқсанда енгізілген
өзгерістермен) сәйкес әзірленді. Осы Қағидалар өзгерістер мен
толықтырулары бар 2013 жылғы есептілік туралы директиваның
"Мемлекеттердің пайдасына төлемдер бойынша есептер туралы" актісінің
10 тарауының ережелеріне негізделген. Осы Қағидаларға сәйкес
Ұлыбританияда тіркелген мұнай, газ, тау-кен және ағаш дайындау
компаниялары жыл сайын елдер мен жобалар бойынша мемлекет пайдасына
төлемдер туралы ақпаратты ашуы керек.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160724_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160724_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160724_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-07-16]