17 шілдеден бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011638 (MFSCb5) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін болады
/KASE, 16.07.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 12 шілдесінде "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011638 (MFSCb5; $100, $10,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялардың баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 17 шілдесінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-07-16]