17 шілдеден бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011174 (MFUCb6) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

16.07.24 14:53
/KASE, 16.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 17 шілдеден бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011174 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты; MFUCb6; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 15.07.24 – 15.07.26; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2023-07-16]