/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа)
2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің негізгі қорытындылары
туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 187,2 трлн теңгені құрады
және 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,7 %-ға немесе
29,4 трлн теңгеге өсті .
- Жыл басынан бері KASE Индексінің мәні 23,0 %-ға 5 151,81 тармаққа
дейін өсті.
- Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 20,8 %-ға
немесе 5,6 трлн теңгеге 32,3 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын
корпоративтік борыш көлемі 4,3 %-ға 14,1 трлн теңгеге дейін өсті.
- 2024 жылдың басынан бері листинг процедурасынан 15 жаңа
эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, біреуі
KASE Global секторында және 13 корпоративтік облигациялар
секторында.
- 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 698 эмитенттердің 252 атауындағы мемлекеттік емес
бағалы қағаздар болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және
валюталық своп операцияларының, деривативтер нарығының
көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды
қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE-нің
баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:
-
https://kase.kz/files/press/ru/15_07_2024_KASE_Itogi_2Q_kaz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/15_07_2024_KASE_Itogi_2Q.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/15_07_2024_KASE_Itogi_2Q_eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-07-15]