"Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС өзінің KZ2P00008378 (MFCIb1) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

15.07.24 15:03
/KASE, 15.07.24/ – "Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 15 шiлдесiнде өзінің KZ2P00008378 (MFCIb1) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – сегiзiншi купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 496 088 687,5 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 466 907 000,0 теңгені, сегiзiншi купондық сыйақы– 29 181 687,5 теңгені құрады. [2024-07-15]