KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ 05 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

15.07.24 14:50
/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 05 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі-Тізім) айқындалғаны туралы хабарлайды. Көрсетілген шешімге сәйкес 2024 жылдың 05 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады. ------------------------------------------------------------------------------- Акция ---- --------- ------ # п/п коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі* ----- ----- ------------ -------------------------------- ---- --------- ------ 1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 42,0 1,0000000 7,9 2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 9,1 3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 30,5 0,3280386 13,6 4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 11,9 5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 15,0 1,0000000 3,7 6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ 3,0 1,0000000 14,9 7 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 30,5 0,0774122 17,3 8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 25,0 0,2004022 14,9 9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,1 1,0000000 4,8 10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 1,9 ------------------------------------------------------------------------------- * Fi, Ri, Үлес параметрлері 2024 жылдың 12 шілдесіне сәйкес көрсетілген. Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылдың 05 тамыздың басындағы Fi, Ri. Үлес параметрлері 2024 жылдың 01 шілдесіндегі акциялардың ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі. КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы. Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы, 01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі. Fi – 01.04.24-те еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 12.07.24-те тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр. Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-07-15]