/ҚАЙТАЛАУ/ 01 тамыздан бастап "Бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеу әдістемесі" атты KASE жаңа ішкі құжаты қолданысқа енгізіледі

15.07.24 11:06
/KASE, 15.07.24, 03.07.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 27 қазанындағы шешімімен "Бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді. KASE Басқармасының 2024 жылдың 02 шілдесіндегі шешімімен Әдістеме KASE ақпараттық жүйесінде нарықтық бағаларды автоматтандырылған есептеу модулін пайдалануға беруге байланысты 2024 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Әдістеме KASE-де өткізілетін бағалы қағаздармен сауда-саттық туралы ақпараттың құрамдас бөлігі ретінде осы бағаларды жариялау мақсатында KASE-де айналымға жіберілген бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеу тәртібін және оларды шектеусіз тұлғалар тобының пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Әдістемеге сәйкес нарықтық бағаларды есептеу KASE-дегі негізгі листингі бар қазақстандық бағалы қағаздар бойынша ғана жүргізілетін болады, бағалау үшін параметрлер (өтінімдер мен мәмілелер) жеткіліксіз болған кезде нарықтықтық бағалар есептелмейді. Нарықтық бағалар бойынша ақпарат KASE интернет-ресурсында күнделікті негізде "нарықтық бағалау" бөлімінде жарияланатын болады https://kase.kz/ru/documents/marketvaluation/. Әдістеме KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер"). [2024-07-15]