KZ
16 шілде 2025, 03:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.07.2024 10:59 #Қаржы құралдары

"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00011638 (MFSCb5) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2024 жылдың 12 шілдесінде қабылдады "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011638 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигациялары баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листинг комиссиясының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарлады

Аталған облигацияларды шығару "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС-нің 2023 жылдың 10 шілдесінде 50,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.

"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталған облигацияларға MFSCb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листинг комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2024-07-15]