"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00011638 (MFSCb5)
облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг рәсімінен өтті
15.07.24 10:59
/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы
2024 жылдың 12 шілдесінде қабылдады "Swiss Capital (Свисс Капитал)"
МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011638 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; ай
сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360)
облигациялары баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарлады
Аталған облигацияларды шығару "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ"
ЖШС-нің 2023 жылдың 10 шілдесінде 50,0 млн АҚШ доллары сомасына
тіркелген бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып
табылады.
"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және
андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға MFSCb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листинг
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-07-15]