KZ
2 шілде 2025, 11:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.07.2024 10:18 #Қаржы құралдары

"Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00008378 (MFCIb1) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 шілдесінен бастап "Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00008378 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFCIb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 13.07.22 – 13.07.24; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлады.

Аталған облигациялар 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 13 шілдесінен бастап ашылды.

[2024-07-15]