KZ
RU
EN
10 қыркүйек 2026, 19:53
KZ
RU
EN
Кіру
12.07.2024 19:04 #Сауда-саттық ақпараты

12 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00011612 (CLSGb5) облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 20,00 %-бен орналастырып, 2,0 млрд теңге тартты

/KASE, 12.07.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00011612 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 12.07.24 – 12.07.27; 30/360) облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды.

------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------- ----------
Қатысушылар саны:                                 2
Қатысушылар шоттарының саны:                      156
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),     156 / 156
оның ішінде:
– шектелімді:                                     156 / 156
– нарықтық:                                       0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:            2 000,0
оның ішінде:
– шетелімді:                                      2 000,0
– нарықтық:                                       0,0
Ұсынымға сұраным:                                 100,0 %
Берілген өтінімдер купон мөлшерлемесі, жылдық %   20,00
(барлық/ белсенді):
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 6,8 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 93,2 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,               2 000 000
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:           2 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                    156
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:       2
Қатысушылар шоттарының саны:                          114
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,                  100,0
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон мөлшерлемесі,
жылдық %:                                             20,00
---------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------- ---------------
Жазылымды жүргізу күні:                 12.07.24
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 2 000 000 000
Сатып алуға өтінімдер түрі:             шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты:            10:30–14:30
Мәмілелерді жасау күні мен уақыты:      12.07.24, 15:30
Есеп айырысу күні мен уақыты:           12.07.24, 15:30
-------------------------------------------------------

[2024-07-12]