KZ
13 шілде 2025, 14:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.07.2024 17:56 #Корпоративтік уақиғалар

15 шілдеде KASE 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізеді

/KASE, 12.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 шілдесінде сағат 14:00-де қазақстандық биржалық нарық жұмысының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтетінін хабарлайды. Коференцияның барысында KASE қызметі, KASE жобаларын іске асыру, сондай-ақ есептік кезеңдегі қор нарығының трендтері туралы ақпарат ұсынылады.

Іс-шараның спикері – KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz. электроны поштасы арқылы тіркелуі қажет.

KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ашықтықты көздейтін ақпараттық саясатының бір бөлігі болып табылады.

[2024-07-12]