15 шілдеде KASE 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізеді

12.07.24 17:56
/KASE, 12.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 шілдесінде сағат 14:00-де қазақстандық биржалық нарық жұмысының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтетінін хабарлайды. Коференцияның барысында KASE қызметі, KASE жобаларын іске асыру, сондай-ақ есептік кезеңдегі қор нарығының трендтері туралы ақпарат ұсынылады. Іс-шараның спикері – KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген. Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz. электроны поштасы арқылы тіркелуі қажет. KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ашықтықты көздейтін ақпараттық саясатының бір бөлігі болып табылады. [2024-07-12]