Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15 шілдеден бастап KASE-де "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011174 (MFUCb6) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 12.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 шілдесінен бастап KASE-де "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011174 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFUCb6; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-07-12]