/KASE, 12.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
15 шілдесінен бастап KASE-де "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы)
KZ2P00011174 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFUCb6;
1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық
20,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы
– қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFUCb6/
[2024-07-12]