"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесі жалғыз акционерінің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен қоғамның 25,0 млн жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

11.07.24 16:34
/KASE, 11.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 27 маусымындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады: қоғамның жалғыз акционерінің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру арқылы жарияланған акциялар саны шегінде қоғамның 25,0 млн жай акциясын бір акция үшін 1 000 теңге бағасымен 25,0 млрд теңге сомасына орналастыру. Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_info_reshenie_sd_270624_3047.pdf [2024-07-11]