/KASE, 11.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі KASE-ге KZ2D00009222
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb42;
1 000 теңге, 70,0 млрд теңге; 2 жыл; өзгермелі жарты жылдық купон;
actual/365) облигациялар шығару проспектісін Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 05 шілдесінде
тіркеген өзгерістермен және бұрын берілгенін ауыстыратын облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- куәлік облигациялар бойынша шығарылымның саны, көлемі мен
айналыс мерзімінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды;
- облигациялар саны 70,0 млн данадан 50,0 млн данаға өзгерді;
- шығару көлемі 70,0 млрд теңгеден 50,0 млрд теңгеге өзгерді;
- айналыс мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді.
Аталған облигацияларды шығару проспектісі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/files/emitters/EABR/eabrf9_eabrb42_izm_050724.pdf
[2024-07-11]