АҚШ Қаржы министрлігінің US912797GB79 (US110_2407) халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

11.07.24 10:11
/KASE, 11.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 шілдесінен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797GB79 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US110_2407; $112 719,0 млн; 13.07.23 – 11.07.24; actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 наурызынан бастап ашылды. [2024-07-11]