10 шілдеде Қызылорда облысы мен Астана қаласының әкімдіктері KASE арқылы 30,5 млрд теңге тартты

10.07.24 17:25
/KASE, 10.07.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды: 1) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001881 (KOK024_188, 1 000 теңге, 5 450 000 000 теңге; 10.07.24 – 10.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 5,5 млрд теңге; 2) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000136 (ASK022_013, 1 000 теңге, 25 000 000 000,00 теңге; 10.07.24 – 10.05.26; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 25,0 млрд теңге. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды. [2024-07-10]