10 шілдеден бастап Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесіне толықтыру қолданысқа енгізіледі

10.07.24 16:23
/KASE, 10.07.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2024 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен 2024 жылдың 10 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін "Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) KASE ішкі құжатына № 5 толықтыру бекітілді. Толықтырумен купондық төлемдердің тең емес кезеңдері бар облигациялар үшін әдістемеге сәйкес есептелген кірістілік индикативті көрсеткіш болып табылатындығы және облигациялармен мәміле сомасын есептеу кезінде негізгі параметр бастапқы нарықта да, бағалы қағаздардың қайталама нарығында да "таза" баға болып табылатындығы анықталды. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер"). [2024-07-10]