Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11 шілдеден бастап KASE-де "Home Credit Bank" АҚ-ның KZ2C00011401 (HCBNb15) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 10.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 шілдесінен бастап KASE-де "Home Credit Bank" АҚ-ның (Алматы) KZ2C00011401 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb15; 1000 теңге, 20,0 млрд теңге; 05.07.24-05.07.29; жартыжылдық купон, жылдық 17,25%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы- қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-07-10]