/KASE, 10.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы)
жалғыз акционерінің 2024 жылдың 04 шілдесіндегі шешімімен
А.М. Қасымбек Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғаны
туралы KASE-ге хабарлады.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
Директорлар Кеңесі жеті адамнан құралды: Н.С. Байбазаров, Е.Л.
Бахмутова, Р.А. Баталов, А.М. Қасымбек, Р.Т. Карагойшин, Ж.А. Шайхы,
Г.А. Бурибаева.
Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/FRMP/frmp_board_changes_040724_2301.pdf
[2024-07-10]