Еуразиялық даму банкінің XS2361431476 (EABRe4) халықаралық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен алынып тасталды
09.07.24 10:11
/KASE, 09.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 шілдесінен
бастап Еуразиялық даму банкінің XS2361431476 ("халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторы, EABRe4; 21,5 млрд теңге; 08.07.21 – 08.07.24;
жартыжылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) халықаралық облигациялары айналым
мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімнен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторына 2022 жылдың 04 мамырынан бастап енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 18 мамырынан бастап ашылды.
[2024-07-09]