/KASE, 05.07.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) листингілік комиссиясы 2024 жылдың 04 шілдесінде "Capital Leasing
Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын
баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00011604 (CLSGb4; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);
- KZ2P00011612 (CLSGb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 05 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/CLSG/
[2024-07-05]