"A-Cars" ЖШС KZ2P00011364 (ACARb1) "жасыл" облигациялары
баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
04.07.24 16:57
/KASE, 04.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2024 жылдың 04 шілдесінде "A-Cars" ЖШС (Алматы) KZ2P00011364 (1 000 теңге,
3,0 млрд теңге; 3 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 19,50%, 30/360) "жасыл"
облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кәсіпкерлік
субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің
субсидиялау бағдарламасы бойынша "жасыл" облигациялар шығарылымы болып
табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық
13,50 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00 % құрайды.
"A-Cars" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment Banking" АҚ
болып табылады.
Аталған облигацияларға ACARb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
"A-Cars" ЖШС қызметінің негізгі түрі – такси қызметі, автомобильдер мен
жеңіл автомобильдерді жалға алу.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-07-04]