KZ
13 шілде 2025, 14:41
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.07.2024 11:33 #Сауда-саттық ақпараты

2024 жылдың маусым айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 04.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың маусым айындағы акциялар нарығына шолу ұсынады.

Маусым айында акциялармен сауда-саттық көлемі 10,1 млрд теңгені құрап, мамыр айына қатысты 10,6 %-ға немесе 1,2 млрд теңгеге төмендеді. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 503,6 млн теңгені (қайталама нарықта – 558,0 млн теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 6 725 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 74,9 мың теңгені құрады.

Маусым айында KASE Индексінің мәні 2,2%-ға өсіп, айдың соңына қарай 5 151,81 тармақты құрады.

----------------------------------------------------------------
                                                         Көлемі,
                                                      млрд теңге
                                               Δ, % ------------
             28 маусымда 30 мамырда Δ, % c 01.01.24 маусым мамыр
------------ ----------- ---------- ---- ---------- ------ -----
KASE индексі    5 038,55   5 011,59 +0,5      +20,3   9,34 11,93
----------------------------------------------------------------

Маусым айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 9,5 млрд теңгені құрады, бұл мамыр айындағы көрсеткіштен 120,7 млн теңгеге көп. Сауда- саттықтың ең үлкен көлемі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жай акцияларына – 2,2 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 23,7 %)* тиесілі болды.

------------------------------------------------------------------------
         Соңғы мәміленің бағасы,             Δ, %  Сауда-саттық көлемі, 
                 акция үшін теңге                              млн теңге
     ---------------------------- --------------- ----------------------
     31 маусымда 30 мамырда  Δ, % 01.01.24 бастап  маусым   мамыр   Δ, %
---- ----------- ---------- ----- --------------- ------- ------- ------
KSPI   63 302,00  55 499,99 +14,1           +38,8   647,2   604,4   +7,1
KZTK   36 845,00  34 629,49  +6,4            +6,8   480,7   523,1   -8,1
CCBN    1 816,00   1 765,00  +2,9           +85,9   415,2   631,1  -34,2
HSBK      205,70     204,00  +0,8           +25,7 1 878,6 2 459,7  -23,6
KZAP   18 801,01  18 744,00  +0,3            +1,8   508,4   962,2  -47,2
KMGZ   12 700,00  12 850,00  -1,2           +10,0 2 238,3   799,3 +180,0
KEGC    1 475,00   1 497,00  -1,5            -0,5   922,7 1 344,2  -31,4
AIRA      891,49     908,00  -1,8           -25,1 1 201,7 1 150,0   +4,5
KCEL    3 003,00   3 062,00  -1,9           +53,6   597,2   448,7  +33,1
KZTO      832,89     854,48  -2,5            -3,7   571,7   418,3  +36,7
------------------------------------------------------------------------

2024 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 32,3 трлн теңгені (69,4 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1 407,4 млн теңгеге немесе 4,6 %-ға жоғары.

---------------------------------------------------------------
                         31 маусым 30 мамыр   өзг.     өзг., % 
------------------------ --------- -------- --------- ---------
Капиталдандыру, млрд KZT 32 312,22          30 904,79 +1 407,43
Капиталдандыру, млн USD  69 411,03          69 481,76    -70,73
---------------------------------------------------------------

2024 жылдың 28 маусымындағы бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі:

-------------------------------------------------
     Эмитент         Баға өзгерісі /      өзг., %
                    (соңғы мәміле күні)          
----------------- ----------------------- -------
Kaspi.kz АҚ        63 302,00    55 499,99   +14,1
(KSPI)            (28.06.24) (31.05.2024)        
----------------- ---------- ------------ -------
"Қазақтелеком" АҚ  36 845,00    34 629,49    +6,4
(KZTK)            (28.06.24) (31.05.2024)        
----------------- ---------- ------------ -------
"KM GOLD" АҚ           112,5       105,99    -5,8
(KMGD)            (31.05.24) (28.06.2024)        
-------------------------------------------------

[2024-07-04]