Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Dosjan temir joly" АҚ акционерлері компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 03.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Dosjan temir joly" АҚ (Астана) 2024 жылдың 28 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2023 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша меншікті капиталдың теріс мөлшеріне байланысты компанияның 1 568 080 000 теңге мөлшеріндегі 2023 жылдағы таза табысын бөлмеу, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу, бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекітпеу.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2024-07-03]