/KASE, 03.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Dosjan temir joly" АҚ (Астана) 2024 жылдың
28 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық
есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2023 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі
бекітілсін;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша меншікті капиталдың теріс
мөлшеріне байланысты компанияның 1 568 080 000 теңге мөлшеріндегі
2023 жылдағы таза табысын бөлмеу, компанияның жай акциялары
бойынша дивидендтер төлемеу, бір жай акцияға шаққандағы дивиденд
мөлшерін бекітпеу.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjl_special_shareholders_meeting_results_280624_427.pdf
[2024-07-03]