АНОНС: 05 ШІЛДЕДЕ KASE "ОТБАСЫ БАНК" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

03.07.24 12:12
/KASE, 03.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 шілдесінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (тақырыпта және бұдан әрі – "Отбасы банк" АҚ) басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды. Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақытымен 15:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, "Амфитеатр" залы. Кездесу барысында "Отбасы банк" АҚ басшылығы 2023 жылғы қаржылық нәтижелер туралы ақпарат береді, сондай-ақ банк облигацияларының жоспарланған шығарылымдары туралы айтып береді. Іс-шара спикері – Ләззат Ибрагимова, "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі және реттеу басқармасының бастығы Заура Жұмабаева құттықтау сөз сөйлейді. Тіркелу үшін pr@kase.kz электрондық пошта мекен-жайына хабарласу қажет. [2024-07-03]