/KASE, 02.07.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған баспасөз
мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк"), оның атқарушы органының
(Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017,
Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2024 жылғы 01 шілдеде
Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін
Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі,
8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залында өткен Банк акционерлерінің кезектен
тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс берудің
қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес
Жиналыста келесі сұрақтар қаралды және дауыс берудің нәтижелері
бойынша келесі шешімдер қабылданды.
***
Күн тәртібіндегі 1-мәселе: "ForteBank" акционерлік қоғамының Директорлар
кеңесінің сандық құрамын ұлғайту туралы»
Банктің Директорлар кеңесінің құрамы алты адамнан тұратын болып
айқындалсын, оның ішінде:
1. Банк акционерлерінің өкілдері ретінде - Директорлар кеңесінің үш мүшесі.
2. Банктің тәуелсіз директорлары ретінде - Директорлар кеңесінің үш мүшесі
Күн тәртібіндегі 2-мәселе: "ForteBank" акционерлік қоғамының Директорлар
кеңесінің мүшесі ретінде Д.Турсункуловты сайлау туралы»
3. 2024 жылғы 01 шілдеден бастап Данияр Шахайдарович Турсункулов
Банктің акционері Булат Жамитович Утемуратовтың мүддесін білдіретін
өкіл ретінде - Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын.
4. Данияр Шахайдарович Турсункуловтың Банктің Директорлар кеңесінің
мүшесі ретіндегі өкілеттік мерзімі жалпы алғанда, Банк акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысының 2022 жылғы 01 сәуірдегі шешіміне
(хаттама № 01/22) сәйкес, Банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік
мерзімінің аяқталуымен бір мезгілде, яғни Банк акционерлерінің жалпы
жылдық жиналысы 2025 жылы өткізілген сәтте аяқталатын болып белгіленсін.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінң қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық
нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_020724_1.pdf
[2024-07-02]