АНОНС: 03 ШІЛДЕДЕ KASE "ОТБАСЫ БАНК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "KASE TALKS" ӨТКІЗЕДІ
02.07.24 15:00
/KASE, 02.07.24/ – 2024 жылдың 03 шілдесінде Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (тақырыпта және
одан әрі – "Отбасы банк" АҚ) Басқармасының Төрайымы Ләззат
Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізеді.
Іс-шараның басталуы-Алматы қ.уақыты 15:00, өтетін орны: Алматы қ.,
Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, "Амфитеатр" залы.
KASE Talks жүргізушісі – Алина Алдамберген, KASE Басқармасының
Төрайымы.
Іс-шара барысында "Отбасы банк" АҚ қызметіне, оның ішінде қор нарығына
қатысты тақырыптар талқыланады.
Тіркелу үшін электрондық pr@kase.kz пошта мекенжайына хабарласу қажет.
KASE 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан
экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық
қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін
өткізеді.
[2024-07-02]