АНОНС: 03 ШІЛДЕДЕ KASE "ОТБАСЫ БАНК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "KASE TALKS" ӨТКІЗЕДІ

02.07.24 15:00
/KASE, 02.07.24/ – 2024 жылдың 03 шілдесінде Қазақстан қор биржасы (KASE) "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (тақырыпта және одан әрі – "Отбасы банк" АҚ) Басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізеді. Іс-шараның басталуы-Алматы қ.уақыты 15:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, "Амфитеатр" залы. KASE Talks жүргізушісі – Алина Алдамберген, KASE Басқармасының Төрайымы. Іс-шара барысында "Отбасы банк" АҚ қызметіне, оның ішінде қор нарығына қатысты тақырыптар талқыланады. Тіркелу үшін электрондық pr@kase.kz пошта мекенжайына хабарласу қажет. KASE 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін өткізеді. [2024-07-02]