01 шілдеден бастап Биржалық ақпаратты тарату ережелеріне толықтырулар қолданысқа енгізілді

02.07.24 12:55
/KASE, 02.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі шешімімен 2024 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген "Биржалық ақпаратты тарату ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 15 толықтырулар (толықтырулар) бекітілді. Толықтырулармен жоғары оқу орындарының студенттері Ережелерде белгіленген шарттар мен шектеулерді ескере отырып, академиялық мақсаттарда (жобалық, ғылыми немесе дипломдық жұмыстарды дайындау) пайдалану үшін биржалық деректерді тегін негізде ала алатыны анықталды. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Ақпарат" қалташасы). [2024-07-02]