/KASE, 01.07.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE)
2024 жылдың 27 маусымындағы шешімімен 2024 жылдың 01 шілдесінен
бастап қолданысқа енгізілетін "Сауда-клирингілік шоттарды мәмілелер
жасасу мақсатында пайдалану ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі
құжатына № 3 өзгертулер пен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулермен KASE уәкілетті органға күнделікті есептерді қалыптастыру
және ұсыну кезінде оның есебінен және мүддесінде өтінім берілген және
бағалы қағаздармен мәміле жасалған клиенттің кодын көрсетілетіні
анықталды.
Бұдан басқа, Басқарманың осы шешімімен "Қор" санатындағы KASE
мүшелері үшін 2025 жылдың 01 шілдесінен бастап сауда-клирингілік шот
түріне қарамастан ASTS+ (қор нарығы) сауда-клирингілік жүйесіне өтінім
беру кезінде барлық бөлінген шоттар бойынша клиенттің кодын толтыру
міндетті болып табылады.
Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме
бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық"
қалташасы).
[2024-07-01]