01 шілдеден бастап Сауда-клирингілік шоттарды мәмілелер жасасу мақсатында пайдалану еорежелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

01.07.24 10:11
/KASE, 01.07.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2024 жылдың 27 маусымындағы шешімімен 2024 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін "Сауда-клирингілік шоттарды мәмілелер жасасу мақсатында пайдалану ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 3 өзгертулер пен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулермен KASE уәкілетті органға күнделікті есептерді қалыптастыру және ұсыну кезінде оның есебінен және мүддесінде өтінім берілген және бағалы қағаздармен мәміле жасалған клиенттің кодын көрсетілетіні анықталды. Бұдан басқа, Басқарманың осы шешімімен "Қор" санатындағы KASE мүшелері үшін 2025 жылдың 01 шілдесінен бастап сауда-клирингілік шот түріне қарамастан ASTS+ (қор нарығы) сауда-клирингілік жүйесіне өтінім беру кезінде барлық бөлінген шоттар бойынша клиенттің кодын толтыру міндетті болып табылады. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" қалташасы). [2024-07-01]