27 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00011237 (BTRKb13) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

26.06.24 14:35
/KASE, 26.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 27 маусымынан бастап "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ"(Астана) KZ2C00011237 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb13; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 21.06.24-21.06.25; жартыжылдық купон, жылдық 14,05%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда -саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb13/ [2024-06-26]