KZ
RU
EN
25 қыркүйек 2026, 14:28
KZ
RU
EN
Кіру
21.06.2024 18:44 #Сауда-саттық ақпараты

21 маусым күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өзінің KZ2C00011237 (BTRKb13) облигацияларын жылдық 14,05 %-бен орналастырып, 50,0 млрд теңге тартты

/KASE, 21.06.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KZ2C00011237 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb13; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 21.06.24 – 21.06.25; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

---------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------------------------- ---------
Қатысушылар саны:                                           9
Қатысушылар шоттарының саны:                                329
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),               350 / 349
оның ішінде:
– шектелімді:                                               350 / 349
– нарықтық:                                                 0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:                      67 884,8
– шектелімді:                                               67 884,8
– нарықтық:                                                 0,0
Ұсынымға сұраным:                                           135,8 %
Берілген өтінімдер бойынша кесімдеу мөлшерлемесі, жылдық %: 14,05
---------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 33,9 %, брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %-дан кем, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 65,8 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 0,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кемі тиді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         50 000 000
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:     50 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              246
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 9
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            219
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон          14,05
мөлшерлемесі, жылдық %:
----------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 44,0 % – банктер, 0,1 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 55,5 % – басқа институционалдық инвесторлар, 0,4 %-дан кемі – өзге заңды тұлғалар, 01 %-дан кемін – жеке тұлғалар сатып алды

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

Орналастыру кезінде барлық көлемді банктер сатып алады.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

------------------------------------------ ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                         21.06.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге:  50 000 000 000
Лот мөлшері, дана:                         1
Сауда-саттық мәні:                         "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі:                   шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                        жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:               10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты:                 10:00–12:30
Кесім уақыты:                              14:00 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты:                    21.06.24, 14:00
Өтінімдерді кесу әдісі:                    бағалары кесімдеу бағасына тең
                                           немесе одан төмен өтінімдер
                                           кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты           кесімді бағаға тең немесе сатушы
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру      үшін ұтымдырақ болатын
тәсілі:                                    қарсылама шектелімді
                                           өтінімдердің бағасы бойынша
Шектелімді өтінімдерді оларды беру         қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:      "First Heartland Jusan Invest" АҚ
----------------------------------------------------------------------------

[2024-06-21]