"Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
KZ2C00011534 (PRKRb10) облигациялары негізгі алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
21.06.24 16:10
/KASE, 21.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 21 маусымында "Азық-түлік келісімшарттық
корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00011534
(1 000 теңге, 57,9 млрд теңге; 360 күн; жарты жылдық купон
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын
негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға PRKRb10 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-06-21]