"Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00011534 (PRKRb10) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

21.06.24 16:10
/KASE, 21.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 21 маусымында "Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00011534 (1 000 теңге, 57,9 млрд теңге; 360 күн; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға PRKRb10 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-06-21]